Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы А.Аданның «Корсар» балеті Астананың 20 жылдығына арналған керемет сый әрі барша әлем атап өтетін ұлы хореограф Мариус Петипаның 200 жылдығына ерекше тарту болмақ.
Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.
Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.
Адольф Шарль Аданның музыкасына жазылған балетте Ж.Сен-Жорж пен Ж.Мазильенің либреттосы қолданылған (Дж.Байрон бойынша).
 
 
Қоюшы хореограф – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі
Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин ЗаклинскийРесейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева
Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Костюмдер бойынша технолог – Даниэль Бутар
Қоюшы сценографтың көмекшісі – Рикардо Массирони
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Анна Верде
Проекциялар бойынша дизайнердің ассистенті – Энрико Паццальи
 
 
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Медора –                     Әйгерім БекетаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері/
                                      Әнел Рүстемова /
                                      Мәдина БасбаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
                                      Гаухар УсинаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
Конрад –                     Арман Оразов / Олжас Тарланов /
                                      Тайыр ҒатауовҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
Исаак Ланкедем –     Бақтияр Адамжан / Жансерік Ахметов / Серік Нақыспеков
 
Бирбанто –             Ильдар Шакирзянов / Олжас Маханбетәлиев / Тұрлыхан Тойған
 
Сеид-паша –               Рахметолла Науанов / Жанәділ Бейсембиев
 
Гюльнара –                Мәдина БасбаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
                                      Шұғыла Әдепхан / Әсел Шәйкенова
 
 
«Астана Опера» театрының балет және миманс әртістері,
симфониялық оркестрі
 
Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)