Астана - 101,4FM

Астанада Бірлік күні қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Астанада Бірлік күні қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланып отыр. Олардың арасында түрлі челлендждер, концерттер, дөңгелек үстелдер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ал 30 сәуір мен 1 мамыр күндері Жазушылар аллеясында әлемнің әртүрлі тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу іс-шарасы өтеді. Сол сияқты дәл осы аллеяда «Бір шаңырақ астында» асфальтқа сурет салу байқауы, «Кітап қала» кітапханасы негізінде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, Байқоңыр ауданының кішкентай тұрғындары арасында көңілді старттар өтеді.

1 мамыр күні қала бойынша «Бауырсақ біріктіреді» (бауырсақ тарату) мерекелік шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Ә.Мәмбетов атындағы комедия-драма театрында «Ақан сері» қойылымының премьерасы, «Жастар» сарайында «Сарайымыздың балалары» концерті өтсе, «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінде «Ұлт бірлігі – Ұлы байлық» көрмесі, С.Сейфуллин атындағы мұражайда «Бірлік түбі – береке» көрмесі, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» көрмесі өтеді.

Б.Момышұлы, 5 мекенжайындағы Оқушылар сарайында мерекеге арналған бірқатар іс-шара қолға алынбақ. Сол сияқты №42 орта мектепте «Бейбітшілік пен келісім тілейміз» мейраммен құттықтау челлендж акциясы (әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен) ұйымдастырылады.

Бұл күні Қазақ ұлттық хореография академиясында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» дөңгелек үстелі өтеді.