Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағы жарыққа шықты

Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағы жарыққа шықты

Алматыда Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағы жарыққа шықты. Оқырман қауымға кезекті 3 том таныстырылды. Алғашқы бес томдық осыдан жеті жыл бұрын басылған. Таласбек Баймұхамедұлы әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі. Көзі тірісінде басылып шыққан «Талтүс» романы оқырманның ықыласына бөленді. Оның сценарийімен түсірілген «Біржан сал» мен «Құнанбай» фильмдері — қазақ киносындағы сүбелі еңбектердің бірі. Ол Байжігіт, Тәттімбеттердің жолын қуған шертпе күй мектебінің өкілі ғана емес, өзі де көркем әуендер дүниеге әкелді. Айта кетейік, төрт жылдан бері «Таласбек» сыйлығы жарияланып, ең үздік әдебиетшілерге жүлде тапсырылып келеді.Биылғы байқаудың қорытындысы 23 қыркүйекте анықталады.