Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Қазақконцерт» әртістері  аты аңызға айналған «Carnegiehall» сахнасында өнер көрсетеді

«Қазақконцерт» әртістері  аты аңызға айналған «Carnegiehall» сахнасында өнер көрсетеді

Роза Бағланова атындағы «Қазаққконцерт» ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің музыканттары гастрольдік іс-сапармен АҚШ-қа аттанады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық турне барысында әртістер Нью-Йорктегі «Carnegie hall» концерт залының басты сахнасында өнер көрсетеді. 9-10 қазан күндері шығармашылық ұжым жергілікті жұртшылықтың назарына қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармаларынан жинақталған ауқымды концерттік бағдарлама ұсынады. Сондай-ақ, оркестрдің ресми сапары кезінде 66-шы Грэмми сыйлығына ұсынылған «Blue Griffin Record» дыбыс жазу студиясында жазылған CD альбомының тұсаукесер рәсімі өтеді. Бұл жинаққа американдық композитор Лоуэлл Либерманның скрипка мен оркестрге арналған шығармалары енген. Айта кету керек, «Carnegie hall» - классикалық музыка орындаушылары үшін әлемдегі ең беделді концерттік орындардың бірі.