Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» театрында «Altynkernei» камералық концерті өтеді

«Астана Балет» театрында «Altynkernei» камералық концерті өтеді

«Астана Балет» театры 1-қазанда Музыка күніне орай, «Altyn kernei» камералық концертін өткізеді. Труба аспабында орындаушы Жасұлан Әбдіқалықов пен дирижер «Астана Балет» камералық оркестрі астаналық театр холлын әсем әуенге бөлейді. Театр дирижері Элмар Бөрібаев концерт бағдарламасын таңдауына байланысты ойын былай сабақтады: «Тыңдарманымызға классикалық музыканың сан-алуандығы мен әсемдігін жеткізу үшін туындыларды да мейлінше ыждаһаттылықпен іріктедік. Осы концертке таңдалған композициялардың әрқайсының өзіндік музыкалық бояуы қанық. Көрермен қауымға осы сезім иірімдерін барынша жеткізе аламыз деп үміттенемін»- деді Элмар Бөрібаев.