Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда заманауи өнер мұражайы ашылады

Алматыда заманауи өнер мұражайы ашылады

Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылыс алаңында медиа тур өтті. Экскурсияны мұражайдың негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов өткізді. Мұражайда тұрақты экспозициялар үшін залдар, сондай-ақ табиғи жарығы бар, биіктігі 12 м болатын, аумағы 1000 шаршы метр уақытша экспозициялар залы қарастырылған. Температура мен ылғалдық режимі, жарықтандыру көрсеткіштері мұражай стандарттарын қатаң сақтаумен жүреді. Мұражай болашаққа деген көзқараспен жобаланған және ол ең нәзік экспонаттардан бастап монументалды иммерсиялық сандық инсталяцияларға дейін кез келген туындыны көрсетуге болатын инфрақұрылымға ие. Мұражайдың сәулет жобасын халықаралық мұражай жоспарлау жөніндегі Консалтинг компания- Lord Cultural Resources-пен бірлесіп, әлемнің 60-тан астам елінде бой көтерген ғимараттардың авторы британиялық Chapman Taylor сәулет бюросы жобалаған. Айта кетейік, Almaty Museum of Arts - Орталық Азия аумағындағы алғашқы заманауи өнер мұражайы болмақ.