Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада Халықаралық музыка фестивалі басталды

Астанада Халықаралық музыка фестивалі басталды

Елордада  «ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі басталды. Оған Қазақстан, Түркия, Жапония, Венгрия, Германия, Пәкістан, Испания және Ресейдің ең үздік өнерпаздары қатысып жатыр. Жоба ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға негізделген. Халықаралық музыка фестивалі еларалық достық байланыстарды кеңейту мен нығайтуға және өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған. Фестиваль бағдарламасында шетелдік әртістердің концерттері, кинокөрсетілімдер, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.