Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтеді

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтеді

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтеді.  Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының мәліметінше, атаулы мерейтой қаламгердің туған жері Қатонқарағайдан бастау алып, қазір республика көлемінде тойлануда.  Осы орайда 28-30 қыркүйек аралығында жазушының жастық шағы өткен Алматы қаласында да бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланып отыр. Алматыдағы мерекелік шаралар легі ҚР Ұлттық кітапхана ғимаратында Оралхан Бөкей кітаптары мен «Төр Алтай бояулары» пленэріне қатысқан суретшілердің көрмесімен басталады. Көрмеден соң «Ел-шежіре» қоғамдық қорының Оралхан Бөкей шығармашылығына арнап ұйымдастырған «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференциясы өтеді. Ал, 30 қыркүйек күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық аламан айтыс өтеді. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған ақындар қатыспақ.