Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әлім Бейсембаевтың елордадағы концерті

Әлім Бейсембаевтың елордадағы концерті

«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев пен дәулескер пианист, Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен танымал халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы Әлім Бейсембаев 14 қазанда театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. Көпшіліктің назарына классикалық музыканың інжу-маржандары –Фредерик Шопеннің және Людвиг ван Бетховеннің шығармалары ұсынылады.