Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Umai-2023 ұлттық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Umai-2023 ұлттық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығын алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Ұлттық өнерді қолдау және дамыту мақсатында биыл сыйлықтар саны 29-ға дейін айтарлықтай ұлғайтылды, сәйкесінше ақшалай жүлделер де артты. Өтінімдерді қабылдау «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» тәрізді төрт негізгі номинация бойынша өтеді.  Сонымен қатар, биыл «Үздік балалар спектаклі  арнайы жүлдесі табысталады. Сондай-ақ тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері финалистердің арасынан «Жыл жаңалығын» таңдайды. Өтінімдерді қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады.