Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Бейбарыс» тарихи драмасы Мысыр елінде сахналанды

«Бейбарыс» тарихи драмасы Мысыр елінде сахналанды

Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры, Мысыр астанасы Каир қаласында тұңғыш рет «Бейбарыс» тарихи драмасын сахналады. Спектакль баһадүр бабамыздың 800 жылдығына арналып қойылды. Спектакль қазақ тілінде өтті. Шетелдіктер үшін ағылшын-араб тілдеріне тәржімаланды. Белгілі драматург Рахымжан Отарбаевтың қаламынан туған шығарма, әлемдік сахнада тұңғыш рет қойылды. Оған Мұқанғали Томанов пен Жанат Телтаев режиссерлік етті. Шығармашылық ұжымның 50-дей актері жұмылдырылды.



Фото: e-history.kz