Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Жұмбақ Қыз" операсы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасына оралады

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 21 және 22 қазанда Сыдық Мұхамеджановтың "Жұмбақ қыз" эпикалық операсының премьерасын ұсынады. Қойылым 1971 жылы Абай атындағы ҚазҰОБТ сахнасында алғаш рет қойылған. Режиссер Асхат Маемировтың, дирижер Нұржан Байбосыновтың, суретші Есенгелді Тұяқовтың қойылымындағы жаңартылған спектакль қарқынды режиссерлік шешімдермен, билермен, шайқас сахналарымен ерекшеленеді. Операның оркестрлік партитурасы да өзгеріске ұшыраған. "Жұмбақ қыз" қазақ халқының дәстүрлі ән өнерінің бастауынан шыққан тартымды әуендерге толы. Жанданған шығарма Алматының мәдени өміріндегі жарқын оқиға болмақ, деп есептейді театрдағылар.