Әнші Өмірқұл Айниязов өз ата-анасын «аға, жеңге» деп өскен. Себебі, ол шал мен кемпірдің  баласы болғандықтан, осылай атауына тура келген.

Бұл туралы жыршы Өмірқұл Айниязов Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасында айтты.
«Мен анамды «Мама» деп айтпаймын. Өйткені, мен кемпір шалдың баласы болғаннан кейін, «жеңше» деп атап кеткенмін. Арамызда алшақтық бар. Анама еміреніп, еркелей алмаймын. Ол енді бала күнімізден тәрбие бөлек болғандықтан болар. Мен әлі күнге дейін «мама» деп құшақтай алмаймын. Ол кісі де мені «балам» деп басымнан сипаған емес. Осындай сәттерде қысыламын. Жұрттар аналарын әлеуметтік желіге жүктеп, құттықтап жатады. Мен соны да жасай алмаймын. Кемпір – шалдың баласы екенімді көпшілігі біледі. Қазір енді, жылы сөзімді арнап жазып құттықтайын десем, жұрттың сөздерінен ұяламын. Соныдқтан, кемпір сшалға бергеннің оссындай кішкене кемшіліктері болады», - дейді әнші Өмірқұл Айниязов.