Қазіргі жастар парақтап кітап ақтармайды. Есесіне, жаңа технологияға жақын. Сондықтан болар, олар жанына қажет жақсы сөздерді оқулықтан емес, көгілдір экраннан іздейді.

Сценарист, режиссер Данияр Саламат «Әміре» фильмі туралы пікірімен «Сахна сыры» бағдарламасында бөлісті.


«Біздің қазақ жастары әдебиеттен алшақтап кетті, сондықтан олар жанына керегін кинодан алады. Сол себепті, біз киноларды алдауға құқығымыз жоқ. Бұрын «түрі» қандай болды? Сол кейіпкердің портретін дәл сондай етіп беруіміз қажет. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов «Әміре» туралы жазған әңгімесі бар. Сол шығармада қазақтың әлемге әйгілі әншісі туралы жақсы ақпарат жазылған. Мінезі, қандай адам екені барынша жақсы суреттелген. Міне, сол әңгімені оқыған әрбір адам «Әмірені» солай елестетеді. Біз экранға осылай беруге тиісті едік»,- дейді сценарист, режиссер Данияр Саламат.