Баян Сағымбаева 16 жасында М. Әуезовтің спектакліндегі «Қаракөз» рөлін ойнап танымал болды.

Ол ерте танылып, сахнадан ерте алыстады. Себебі, отбасылық өмірге таңдау жасады.

Оның орындаушылық өнерін халық жоғары бағалайды. Бірақ, ол әншілік пен әртіс болудың ешбір оқуын оқымаған.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтылды.

«15 жасымда таныла бастадым. Дегенмен, балалардың аты балалар. Отбасында дұрыс тәрбие беру қажет болды. Аналық борышымды дұрыс атқару қажет болды. Сол себепті, оларды бір нәрсеге ұрындырмай тұрғанда, Алматыдан қайтуға тура келді. Өкінбеймін. Сахнадан бас тарқаным жоқ, өнерімді Семей топырағында жалғастырып жатырмын», - әнші Баян Сағымбаева.