Актер, тележүргізуші Ерсұлтан Адырбек біркүнін бір күніне ұқсағанын қаламайды. Өмірін өзгеріске толы ету үшін әнші кейде құрбандыққа баратын көрінеді. 

Бұл туралы өнер иесі «Армандастар» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында бөлісті.

«Менің табиғатым қызық. Өзіме қызық. Менде қатып қалған қағида жоқ. Тек қана таңертең тұрғаннан кейін көтеріңкі көңіл күйде жүру керек. Сонымен қатар, күнделікті өмірім күндегіге ұқсамау керек. Сол үшін кез- келген құрбандыққа барамын. Кейде құлаймын, қайта тұрамын. Күнделікті өмірден адреналин алмасам, махаббат алмасам маған қызық емес»,- дейді актер Ерсұлтан Адырбек.