Қазақ әйелдерінің киімге деген талғамы соңғы уақытта күрт өзгеріске ұшырады. Батыстың сән үлгісінен шаршағандықтан болар, ерекше үлгідегі қолдан тігілген киімдерге деген сұраныс артқан.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Ән салLike» бағдарламасында айтылды.

«Ою салудың өз жөн-жосығы бар.Әсіресе, киімнің өзіндік өрнегі болған. Оған қарап адамның әлеуметтік мәртебесін, жас ерекшелігін айтпай тануға болады. Көбіне ұлттық нақыштағы киімдерді тіктіреміз. Астанада арнайы тігіншіміз бар, соған біраз жылдан бері барамыз. Ол бұрын «Өрнек» деген жерде жұмыс істеген. Қазақтың өю-өрнектерін жақсы меңгерген. Өте талантты қыз. Есімі – Құралай. Концерттерде киетін киімдерімнің барлығы сол Құралайдың қолынан шыққан. Тігіншімнің айтуынша, бас киімге салынатын ою бөлек, киімнің жоғары және төменгі жағына тілілетін өрнектерді жақсы біледі. Әр аймақ, әр руға қатысты таңбалар бөлек келеді. Осының барлығын, киім тіктірген кезде ескереміз», - дейді әнші Клара Төленбаева.