Әнші өнерге алғаш қадам басқанда «Арман» тобының құрамында өнер көрсеткен. Топқа әнші-сазгер Арман Дүйсенов жетекшілік еткен. Кейін жеке шығармашылығын дамытуды сұрап, өнердегі ағасының рұқсатын алады.
Қазіргі таңда  оның әндерін әріптестері және өзі де орындап жүр.
«Ырымның жақсы жерлері де бар. Жақсы салттар бар. Мысалы, менің әкемнің ұстазы Нышан Төлегеновке аузыма түкірткен. Сол кезде композитордың «Алғабасым», «Домалақ ана» әндері ауданымыздың әнұранына айналған болатын. Кішкентайымда ырымдап жасағанына сенбеске болмайды. Себебі, қазір сазгерлікке көп бет бұрып кеттім»,- дейді Ғазизхан Шекербеков.

Қазіргі таңда Ғазиз Шекербеков орындаушылықты бірінші орынға шығарған. Тіпті сұхбат барысында әншілердің қайсысына тапсырыспен ән жазғанын есіне түсіре алмады.
Жанына серік еткен аспабын 10 жасында нағашысы үйреткен көрінеді. Ол гитарадан бөлек, домбыра аспабын да жетік меңгерген.