«Тамаша» театры көпшілікте танымал. Бірақ, 40 жылдық тарихы бар өнер ұжымы соңғы уақытта қайда кетті?

ТТТ театры«Тамаша» театрын алмастыра алады ма?

Бұл сауалдарға Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасы жауап іздеп көрді.

««ТТТ – тамаша тарту театры» немесе «ТТТ - танымал тұлғалардың толқындары» деген мағынаны білдіреді. Енді бұрыннан осы театрда жұмыс істер келе жатырмын, сол өнерді жалғастырушылармыз. Бастысы біз жақсы дүние күтеміз. Авторлар әзілдерін көп жібереді. Ол жазылған әзілдер арзан. Біздер ондай әзілдерді ойнай алмаймыз. Өйткені, халық біздің астарлы әзіл айтқанымызға үйренген. Арзан сөздерді қоспауымыз керек. Бізге әзілдерді Асқар Наймантаев жазып жүр. Иманды болсын көбісі бұл өмірден қайтты. Мәдениетті түрде жазса деген ниет бар»,- дейді «ТТТ» театрының актері Марат Көккөзов.