Қазақ елі спортшыға зәру емес. Себебі, кез-келген спортшыға қолдау болса, жетістік жаңбырша жауады.

Бұл пікірді Қазақ радиосындаға "Армандастар" бағдарламасында қонақта болған ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Садық Мұстафаев айтты.

«Қазақстанға легионер тартуға қарсымын. Мен оны Қызылордада қызметте болған кезде де ауыр атлетика спортшыларын, дзюдомен айналысатындарды ұсынды. Қанша жерде алыс аймақ болсақ та, шетелдік спортшыларды алып келген сәттер кездесті. Бұған дейін де қарсы болғанмын, бұдан кейін қарсы боламын. Өйткені, ауыл қариялары өзіміздің елдің тумаларына, спортшыларына қанша қолдау жасасаң да жарасады деп айтқан болатын»,- дейді ҚР спорт шебері дзюдодан халықаралық төреші Садық Мұстафаев.

Хабар қонағы сырттан спортшы емес, маман алдыру қажет деп есептейді. Себебі, ол бұл пікірін өз тәжірибесінде қолданып көрген.

«Сырттан маман әкелу. Мен оған екі қолымды көтеріп, келісім беремін. Мықты маман әкеліп, біздің спортқа талпынған кейінгі толқынды тәрбиелеуге болады. Мен осындай практиканыоблыста қолданып көрдім. Шетелден жаттықтырушыларды алып келіп, 1 айлық, 7 күндік немесе 10 күндік шеберлік сабақтарын өткіздік. Сырттан келген спортшылардан түк пайда жоқ», - дейді бағдарлама қонағы.