Айдын Байыс жылу энергетика мамандығын меңгерген. Себебі, ақындықты мамандық деп санамаған.

Бұл туралы қаламгер Қазақ радиосындағы «Қауырсын ғалам» хабарында айтты.
«Әкем өте әңгімешіл адам. Бала кезден мені қатарласындай көретін. Бала кезімнен кітапқа құмар өстім. Сол кездің өзінде түрлі тақпақ жаздым. Бірақ, аса ден қойған жоқпын. Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келдім. Әкем – журналист. Бірақ, ол кісі мені қолыма қалам алғанымды қаламады»,- дейді ақын.
Сұхбат барысында жас ақын мамандығын дұрыс таңдағанын атап өтті. Себебі, есепке жүйрік болған екен.
«Математика пәнінен жақсынәтижеге жеттім. Мектеп кезінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы болдым. Сол үшін физиканы таңдап, тәуекел еттім. Ақындық мамандық емес деп, энергетик боламын деп шештім. Бірақ, кітаптан алыстап кете алмадым.Өлеңге байландым. Дегенмен, таңдауыма ешқашан өкінбеймін. Темірхан Медетбек, Олжас Сүлейменов, Иран Ғайыптардың техникалсық саланы меңгергенін ойыма аламын да, өзімді жұбатамын», - дейді ол.