Әнші Есет Садуақасов өнерге 20 жылын арнапты. Бірақ, өнер иесі шығармашылыққа бет бұрғалы жеке концертін өткізбепті.

Өнер қайраткері үшін жауапкершілігі мол кешті ұйымдастыруға қаражат тапшы екен. Дегенмен, жанашырлар табылып жатса, өнерпаз ел алдында есеп беруге дайын.

Бұл туралы әнші Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

««Рухани жаңғыру», «Ауылды көркейту» бағдарламасы аясында біраз ауылды аралап, тегін концерт ұйымдастырдық. Жеке шығармашылық кеш өткізу ойымда бар. Бірақ, қалталы азаматтардан көмек болса деймін. Жалпы өмірде жанашыр азаматтар көп. Негізі өнеріме қолдау көрсетіп, көмектескен адамдар болды. Жалпы сахнаға шығуыма туған апам мен жездем көмек берді. Қол ұшын соозған достарым да болды. Бірақ, бұл көмекті мен қарыз деп есептедім. Осыдан біраз жыл бұрын көлігімді сатып, осы көмектескен адамдарға қарызымды қайтардым. Қиналғанда қол ұшын созғанға, қайтаруға тырысамын»,- дейді Қазақстанның өнер қайраткері.