Опера жұлдызы Азамат Жылтыркөзов бүгінде сахнада өнер көрсетумен қатар, ұстаздық қызметті қатар алып жүр.

2012 жылдан бастап Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде дәріс береді.  Ізбасарларына вокалдық өнердің қыр-сырын меңгертуде.

Әншіге сұраныс көп. Себебі, қазіргі таңда ол бірнеше мекемеде қызмет етеді. Кейде шақыртумен талай сахнада өнер көрсетеді.
Тыңдарманның көпшілігі эстрадалық жанрды жақсы түсінеді. Алайда, классиканы қабылдай алмайтындар бар.

Өнердің түрі көп. Жанры да жетерлік. Бірақ көпшілік екі бағыттағы кештерге де ағылып барады. Бірақ, операның өзіндік ерекшелігі, қағидасы бар.

«Классиканы тыңдау үшін өзін өзі дайындап келу керек. Көшеден кіре салған адам түсінбейді оған. Либреттаны оқу керек. Репертуарда орындалатын опералармен танысу қажет. Опера деген 15 ғасырдан Италияда дамып келеді. Әлі күнге дейін өнердегі ата-апаларымыз Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегеновалар осы өнерді дамытты. Үлесін қосты. Мәңгілік тақырып. Ол өшпейді. Өнерден алшақ тыңдарман бұл классиканы түсіне бермейді», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.