4 жасында ән жазған Ерболат Құдайбергенов Қазақ радиосындағы «Біздің мейман» бағдарламасында қонақта болды.

Вальс бағытында жазылған туынды бүгінде тарих қойнауында. Әуені санасында жатталса да, Құдайбергенов бұл шығармасын жарыққа шығаруға ниетті емес. Себебі, өз стиліне сай келмейді.

Америкалық әнші Майкл Джексонға еліктеген әнші бүгінде бағытына өзгерістер енгізген. Бұрынғыдай, патриоттық бағытта емес, енді эстрадаға бет бұрған.

«Қазір бізде көпшілігі эстарадалық бағытта ән айтады. Қазақстанда нақты бір бағытты алып жүру, тақырыпты алып жүру үлкен проблема. Патриоттық әндерден ауытып кеттім деп айта алмаймын. Жазып тұрамын анда – санда. Шоу-бизнес, той-бизнесте бұл бағыттағы әндер өтімсіз.Қабылданбайды. Мысалы менің өзім, патриоттық әнге көңілімді ашып билей алмаймын. Дегенмен, патриоттық бағытта әндер жазылып отырамын. Бірақ, жиі жазбаймын. Қазір арасында жеңіл-желпі әндер де жазып отырамын. Басқа тілдерде жазамын. Шетелдерден шақыртуылар көп болып жатыр. Мәскеуліктер көп тыңдайды екен әндерімді. Орысша, ағылшынша, қытай тілінде жазылып жатыр әндерім. Тілді білген жақсы. Ол әлемдік бағытта дамуға көмектеседі», - дейді әнші Ерболат Құдайбергенов.

Айта кетейік, қазіргі таңда, Құдайбергеновтер әулетінің төртінші толқыны сахнада өнер көрсетіп жүр.