Журналист Серік Жанболатболашақта «Ақтар мен қызылдар» деген жаңа бағдарлама ашпақ.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «БІЗДІҢ МЕЙМАН» хабарында бөлісті.

Тартысқа толы туындының қаңқасы құрылған, енді қаламгер арналарға ұсынатындығын жеткізді.

Сұхбат барысында ҚР Мәдениет қайраткері Серік Жанболат телеаудитория ішінде жастар несібесіз қалғанын атап өтті.

«Бізде салалық телевидение болу керек. Жастарға арналған бөлек телеарна болуы керек. Ол арна да оңайлықпен болмайды. Неге десеңіз, біздің жастардың арасында батысшылдар, шығысшылдар, діншілдер, басқа да топтар көп. Топ-топтар көп. Ол топтардың барлығының бір жерге басы сия қоюы қиын. Бірақ біз соны ең биік мақсат, ең биік мүдде қайсысы? Ұлттық мүдде ма? Мемлекеттік мүдде ма? Әлде ақша табу ма? Біз, сол мүддені нақты айшықтап, белгілеп алған кезде ғана, біз сол арналардың айналасына адамдарды қалай топтастыру керектігін түсінетін боламыз. Мәселе, осында. Біз әлі идеологиялық кредомыз қандай? Жастардың неге ұмтылуы керек? Біз осыны белгілер алуымыз керек», - дейді журналист Серік Жанболат.

Бұдан бөлек, журналист Серік Жанболат қазақта ғылыми арна жоқтығын алға тартты.

«Біз әр саладан қосып-алып бір дүниелерді жасағымыз келеді. Бірақ, оның арғы жағында ғылым жоқ. Негіз жоқ. Айналып келіп, Абайға бір жүгінеміз да, қайтадан экономикалық заңдылықтар нені сұрайды,біз соған қарай бұрылып кетеміз», -дейді қаламгер.