Франциядағы қандастарымыз Қазақстанды қатты сағынғаны көрініп тұр. «Astana Musical» театры Парижде «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін қойғанда, жергілікті қазақтар "Балам міне, көр, мынау сенің – дәстүрің!" деп, өздерінің ұл-қыздарын алып келіпті.

Бұл туралы «Сахна сыры» бағдарламасына қонаққа келген «Astana Musical» театрының актері Ақжол Өмірзақов әңгімелеп берді. 
Біз шетелде ұзақ жүрмедік. Бәлкім, ұзақ жүргенде мүмкін сағынатын едік. Екі апта іс-сапармен жүргеннің өзінде, қатты сағынып кеттік. Олар жылдап жүргендіктен ғой, жаңа айтқанымдай, тақияны кигізеді балаларына, адамдардың түрлері өзгерген. Яғни, еуропаланған. Бірақ, елдерін қатты сағынғандары көздерінен өтту қатты көрінеді. Қобалжыдық, спекткальді ойдағыдай ойнап өттік. Қойылым біткеннен кейін, еуропалықтар шапалық ұрып, қошемет көрсетті - дейді актер.
Айта кетейік, Елордадағы ең жас «Astana Musical» театры – 2 жаста. Небәрі 24 айда шығармашылық ұжым репертуарын 5 қойылыммен толықтырды. Әлемнің 5 мемлекетін гастрольдік сапармен аралап, «Қыз Жібек» спектаклін этно-фольклор жанрында сахналап үлгерді.

Қосымша: Ақжол Өмірзақов Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Сонда 7 жылдық музыка мектебінде хор сыныбын аяқтап, колледжде – фортепиананы меңгерген. Ал, жоғары оқу орында мюзкл мамандығы бойынша білім алған.