Айтыскер-ақындар әр облыста, өз аймақтарында шығармашылық кештерін өткізеді. Бірақ, насихат аз. Бұл пікірмен Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында ақын Иран — Ғайып Күзембаев бөлісті. 

«Мысалға, Серікзат Дүйсенғазин ағамыз Қазақстан Концерт залында шығармашылық кешін берді. Қаншама меймандар келді. Қаншама өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Біздің Серікзат ағамыздың көптеген әндері орындалды. Мысалы, Дәулеткерей ағамыз да беріп жатады. Мысалы, айтыс ақындарының шығармашылық кешінің қатты насихатталмайтын себебі, олар көбінесе, шоу-бизнеске қызмет етпейді. Қазір танымалдар әлеуметтік желілер арқылы, немесе шоу-бизнестің айналасында жүретіндер. Көп талқыға түсетін де солар. Жуырда Аспанбек Шұғатаевтың да шығармашылық кеші болады. Алдағы уақытта біршама ақындар шығармашылық кештерін береді деген ойдамыз. Мысалы, Қалқаман Сарин де, кезінде айтыстан бастады. Ол да қазір жеке шығармашылық кештерін өткізіп жүр», — дейді ақын Иран — Ғайып Күзембаев.