Айтыста бағы жанбаған ақындар эстрадада жүр. Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында қонақта болған дәстүрлі әнші Ғалымжан Жолдасбай осылай дейді.

«Мен өткенде азулы ақындармен сырластым. Әуенге өлең жазып беруін сұрадым. Ұсындым. Сөйтсем әнге сөз жазбайды екен. Ал, әнге сөз жазып жүрген көптеген ақындар айтыста жүлделі болмаған. Бірақ, эстрадада ән шығарудан бағы жаныған айтыскерлер көп екен. Солардың әндері жақсы насихатталып жатыр. Бірақ, айтыста бағы жанған Балғынбек ағалар өлең жазудан қашты. «Неге?» деген сұрақ өзіме келді. Халық алдында танымал, айтыста жүлделі ақындардың туындыларын эстрадан таппайсың», - дейді әнші Ғалымжан Жолдасбай.