«91 тобының» әндерінің мәтініне көңілім толмайды! Егер сұраса, ән жазып беруге де қарсы емеспін деді Қазақ радиосындағы "Біздің мейман" хабарына келген Филология ғылымдарының кандидаты, ақын Асқар Дүйсенбі.
Қазіргі шығып жатқан жас толқын әншілерді көп тыңдаймын, қарап отырамын. Кім, қай бағытта ән орындап, өнерді дамытып жатыр деп қараймын. Мысалы, «91» тобының жанкүйері емеспін. Жаңа шыға бастаған кезден бастап-ақ, қарап, тыңдап көрдім. Жаңа заманның бағыты шығар, әрине! Бірақ әндерінің мәтіндеріне көңілім толмайды. Осы сөзім үшін қазіргі қаншама жастар қарсы шығуы мүмкін.Егер жастар тарыпынан жастар ән мәтінін сұрап жатса жазып беруге қарсы емеспін.