Жас ақындардың шығармашылығына арналған Қалқаман Саринның «Қауырсын қалам» бағдарламасында қонақта болған жас ақын Әлімжан Әлішер сұхбат барысында бүгінгі аға буын ақын, жазушылар мен әдеби орта жайлы ойын ортаға салды.
Бала кезімнен әдеби ортаны аңсайтынмын, сол ортаға қосылғым келетін. Өте пәк, рухани бай, таза орта деп санайтынмын. Бірақ, есейе келе, көз жеткізе келе, әрі осы ортаны жағалай жүріп, осы рухани ортаның мен ойлағандай соншалықты таза емес екенін, мен үлгі тұтып жүретін біраз ақын-жазушы ағаламының өздерінің шығармасындай таза, тұнық емес екенін аңғардым. Бәріне топырақ шашпаймын. Алайда, көңілім қалатын кездер бар,жасырмаймын! Осындайда тұманды ой, күдікті пікір қалыптасады.