Отбасылық өміріне 8 жылын арнаған Зарина Омарова сахнаға қайта оралды. Көштен қалмас үшін бұрынғы хит әндерін, қайта өңдеді. Репертуарын жаңа әндермен толықтырып, әріптестерімен қатар өнер көрсетіп жүр.

Болашақта стилін өзгертіп, тіпті жан-жақты жанрдағы туындыларды орындауға ниетті екенін «Армандастар» бағдарламасында айтты

«Негізі стилімді де, әндерімді де, басқа тілдердегі әндерді орындасам деген ойым бар. Өйткені, біз әншіміз, сахнаның адамымыз. Кішкене келбетімізді де өзгертіп тұруымыз керек. Әнімізді де басқаша айтуымыз қажет. Мен негізі барлық жанрларда өлең айталамын. Репертуарымда барлық әндерім бар. «Жангүлім», «Өмірді сүйіп өтемін» деген сияқты. Бәрін жаңарта беруге болмайды. Қазіргі заманауи әндер іздеп жүрмін. Біраз композиторлар өз шығармаларын ұсынды. Әндер жібереді. Көпшілігі екі ноталық әндер ұсынады. Әннің әдемі әуезі болуы керек», - дейді Зарина Омарова.