Қуаныш Жиенбай - Жаңыл әженің қолында тәрбие алды. Жазушы балалық шағы жайлы Қазақ радиосындағы «Әжемнің әңгімесі» бағдарламасында мәлімдеді.
«Әжемнің әңгімесін еске алған сайын балалық шағыңа саяхат жасап, іштей демалып қаласың. Әженің оқығаны жоқ болса да, өмірден тоқығаны көп. Әжем шынашақтай кішкентай болды. 10 шақты келіні болды. Бірақ ешқашан шіреніп отырған емес. Өле – өлгенше қимылдап өтті. Әр келінің қасында, қазан-ошақтың басында жүретін. Өмірге ашық көзбен қарайтын. Менің әжемнің есімде қалатындығы не болса да, адам бол дейтін. Әке-шешемізді білдік. Бірақ, олар бір үшін аға-апа болды. Әжеміз осылай тәрбиеледі. Тең дәрежеде тәрбиеледі. Әжемнің тәрбиесін алғандықтан, әкеммен де, анаммен де тең дәрежеде сөйлесіп, тең дәрежеде өмір сүрдім. Көп әңгіме де айта бермейтін. Бірақ, оның тұла бойы даралыққа толы болатын»,- дейді жазушы Қуаныш Жиенбай.