Қазақстанның туын Олимп шыңына көтерген боксшы Ермахан Ыбраимовтың осы кезде дейінгі жетістігіне әкесінің қаталдығы себеп болған. Бұл туралы халықаралық спорт шебері Шалқар радиосындағы «Алматы түні» бағдарламасында бөлісті.
«Алматы қаласында Қазақтың мемлекеттік телерадиосының жүлдесі үшін жарыс ұйымдастырылды. Халықаралық турнирде мен қарсыласым әлем кубогының иесі Аркади Топаевпен жартылай финалда кездестім. Жартылай финалда кездескен кезде қарсыласым мені жеңіп кетті. Айқын басымдылықпен жеңіп кетті. Сонда, менің жеңілген себебімнің бірі, шамалы суықтаған болатынмын. Тұмауратқан едім. Сондықтан, жақсы ойын көрсете алмадым. Әкем соның барлығын көріп, айтқаны: «Сенің бокспен айналысқан түрің осы болса, онда мұндай бокс мүлдем қажеті жоқ. Елдің бәрінен жеңіліп жатыр екенсің, оданда ауылға барып қой бақ. Түс алдыма деп алдына салып әкетті.