"Алдыңғы буын ағалардан үлгі аларым көп. Тек қана өнер адамдары ғана емес, өмірдің өзінде көп нәрсе үйренуге болады. Әрбір ұл әкесін үлгі тұта білу керек. Ағаларымның ұйымшылдығы, бауырмалдығы ылғи мені шабыттандырады"
Танымал әнші Ернар Айдар Қазақ радиосындағы "Армандастар" бағдарламасының «Біздің Мейман» айдарында қонақта болып, кімнің ойын көбірек құптап, тыңдайтынын айтты.
«Өзімнің білгенімді өзімнен кейінгі інілеріме ылғи жеткізіп жүремін. Өмірде білімімді арттыруға нұсқау көрсетіп, бақыттайтын ағаларым өте көп. Сәкен ағамыз бізге еліктемейді сұрайды. Өз стиліңді, өз бағытыңды тап дейді. Бағлан Әбдірайымов ағамыз, кітап оқуға бағыттап отырады. Мейрамбек ағам үнемі білім ал деп айтады», - дейді әнші Ернар Айдар.