Алтынбек Қоразбаев жетпіске келсе де, қарттыққа мойынсұнбақ емес. Өнер иесі әлі тың. 70 жыл ғұмыры тек өлеңмен өрілген жоқ, қуанышымен қатар қиындықты да басынан өткерген.

ҚР Халық әртісі өзінің өмір өткелдері жайлы Қазақ радиосындағы «АРМАНДАСТАР» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында бөлісті.
«Әдемі қартаю да - өнер. Бірақ мен өзімді кәрімін деп есептемеймін. Көңілім жас. Ойым да жас. Санам да жас. Айналама қараймын, армандаймын. Дегенмен, уақыт өтіп жатыр, бұл өмірдің заңы. Өмірім тек өлеңмен өткен жоқ. Соғыстың зардаптарын көрдік. Жоқшылықты көрдік. Кезінде киерге киім жоқ болды. Әйтеуір, тірнектеп жиғанымен бізді асырап, өсірді», - дейді әнші-композитор.