Мешіттер қаңырап бос қалмас үшін дін мамандары көп болғаны жөн. Сол үшін де мен 9 медрессе аштым. «Нұр-Мүбәрак» мешітін аштым. Сол үшін де, имамдардың білімін жетілдіретін институт аштым. Осы 5 жыл ішінде магистрды бітіргендерді қоспағанда, 10-ға жуық ғылым докторын дайындадым», - дейді дінтанушы Дербісәлі Әбсаттар қажы.

"Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 3600-ден астам мешіт бар. Бірақ, 84 мешіт қаңырап бос тұр. Бұл жағдай білімді иманның жоқтығынан емес, мешіттің алыс-шалғай ауылдарда орналасуынан деп алға тартты" - дейді дінтанушы Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы. 
«2000 жылы дін қызметіне кіріскенде, елімізде 1000-ға жуық мешіт болатын. Ал, мен кеткенде осыдан 5 жыл бұрын 2500 мешіт болды. Мен муфти болған кезімде ашылған мешіттердің барлығының басы қасында болдым. Мен кеткенде тек 1 мешіт қана бітпей тұрған. Ол Қостанайдағы мешіт болатын, кейін ол да бітті. Міне, осындай мешіттер бос қалмасын деп діни кадрларды дайындадық - дейдідінтанушы.