10 жылдан бері үлкен сахнада өнер көрсетіп жүрген әнші Талғат Жорабаев шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап қойған. Орындаушы концертте фонаграмма қолдануды жөн көрмейді. Өнер сүйер қауымға жанды дауыста жаңа бағдарламамен кеш ұсынуды қолға алған. Бұл туралы өнерпаз Қазақ радиосындағы «Армандастар» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында айтты.

«Шығармашылық кешіңді қашан өткізесің? Деген сауалдарды көпшіліктен жиі естимін. Әрине, жеке концерт беру жоспарымда бар. Қазақстанның барлық қалаларын аралап, жанды дауыста ән кешін бергім келеді. Әзірге қаражат жағы қиындау болып тұр. Себебі, өткен жылы отбасылық мәселелермен біршама шығармашылыққа көңіл бөле алмадым. Баспаналы болдым. Енді бүкіл тапқан табысымды өнерге жұмсаймын. Бұйыртса, бейнебаян түсіремін. Жеке концерт беруге дайындаламын»,- дейдіәнші Талғат Жорабаев.