«Қазақстанда театрларға қаражат аз бөлінеді. Жұмыстан кетуіме, айлықтың аздығы да әсер етті» - дейді Қазақ радиосындағы «Ән сал Like» бағдарламасына қонаққа келген «Хан тобы» мүшелері.

Екі жігіттен тұратын топ мүшелері актерлік мамандықты меңгерген. Олар Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің түлектері. Өнерпаздар айлықтың аздығынан театрдан алшақтап, эстрадаға бет бұрған.
«Күнделікті қайталанатын жұмыстар мені жалықтырып жібереді. Мамандығым бойынша жұмыс жасадым. «Астана мюзкл» театрына жұмысқа кіріп, 10 күн жұмыс істедім. Күн сайын дайындық. Қайталанатын дүниелер көп. Менің өмірім күн сайын өзгерістен тұрғанын қалаймын. Өз уақытымызды басқарып үйреніп қалғанбыз. Өзімнің студиям бар. Әндерге аранжирова жазамын. Сондықтан, жұмыссыз қалған жоқпын. Қаражатым да қомақты», - дейді топ мүшесі Ауғантай.