Жас ақын Айжан Тәбәракқызы ағылшын тілінде өлең жазуды мақсатына айналдырыпты. Алғашында армандаса, енді әрекет етіп жатыр.

Себебі, шығармашыл жасқа әлем әдебиетінің аудармасын емес, түпнұсқасы қызық. Бұл туралы қаламгер Қазақ радиосындағы «Қауырсын ғалам» хабарында айтты.

«Бізге жағдай жаса деп үкіметке алақан жаюдың қажеті жоқ. Жаспыз. Жас кезіңде мақсатқа жетуге мүмкіндік мол. Шет елге шығып, сол елдің мәдениетімен танысу керек. Шығармашылық аураны сезіну керек. Өз қазанымызда өзіміз қайнап, өз-өзімізді өзіміз мақтап қолдау көрсетіп келеміз. Бірақ, Кеңес кезіндегі қазақ әдебиеті бар, тәуелсіздік тұсында әдебиетке келген буын бар барлығы жазды. Кейбірі бірін-бірі қайталап жатыр. Қайталанған ой, қайталанған әдебиет, қайталанған танымдар көп. Сондықтан, қаламгерлердің өлеңдерді бір-біріне ұқсап кетті. Себебі, біз сол аударма әдебиетті оқимыз. Түпнұсқада оқымаған соң,аударма әдебиет дегеніміз - нәрсіз дүние. Тіл үйренуге көп ден қойып келемін»,- жас ақын.