Әнші, сазгер Жәкен Омаров терменің мақамдарын эстрадалық бағыттағы әндерге енгізу қажеттігін айтты. Термеші жаңа заманға бейімделуге жаңа әдістерді қарастыруда.

Композитор шығармашылығы жайлы Қазақ радиосындағы «Армандастар» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында бөлісті.

«Заманның талабы - жастардың барлығы эстрадалық жанрдағы әндерді тыңдап жалыққан болар. Сондықтан, кейінгі толқынның бір бөлігі, термені тыңдаған кезде таңданысын жеткізіп жатады. Шіркін-ай, бізде мынадай да дүние бар екен-ау деген пікірлерін жиі естимін. Кейде, эстрадалық сүйемелдеумен де айтуға болады екен деген ұсыныстары мен талаптар да түсіп жатады. Тұмса қалпын бұзбай айту бір бөлек. Мүмкін келешекте эстрадалық сүйемелдеуге сүйенетін шығармыз. Біздің міндет осы мақамдарды жастардың ойына сіңіру. Біз жігіт ағасы болғандықтан, кейінгі толқынға мәнді дүниені жеткізу негізгі міндетіміз»,- дейді әнші, сазгер  Жәкен Омаров.