Әнші Майра Ілиясова бір ғана салаға еңбек етіп, соның жемісін көруді дұрыс деп санайды. Әр жұмыстың басын шалып, ескерусіз қалғанды қаламайды.

Бұл туралы продюсер Майра Ілиясова Қазақ радиосындағы «Ән салlike» бағдарламасында айтты.

«5 жасымнан ән айтыппын. Әкем үнемі есіме салып отыратын. Өжет болатынсың деп айтатын. Кішкентай кезімде «Р» әріпіне тілім келмейді екен. Бірақ келген адамдардан ұялмай өнер көрсете береді екенмін. Анам 3 жасымда дүние салды. Орындыққа шығып алып, айғайлап ән айта береде екенмін. Бірақ, әнші болуды армандап көрмеппін. Отбасылық жағдайыма байланысты мектеп бітірген соң, екі жылдай үйде жүріп қалдым. Экономика саласын таңдадым. Дайындық курсында жүрген сәтте Жарқын Шәкәрім қолымнан ұстап өнерге жетектеп алып келді. Қайрат Байбосыновтың алдында өнер көрсеттім. Осылайша, өнерге аяқ бастым. Жоғары оқу орнында «Актриса-әнші» мамандығын меңгеріп шықтым. Киноға шақыртулар көп болды. Бірақ ортаңқол актриса болғаннан, тәуір әнші болуды қаладым», - дейді әнші, продюсер Майра Ілиясова.