Бүгінде Қазақстанның киноматаграфиясы мен бейнебаяндарының сапасы өте тамаша. Бұл қуанатын жәйт. Қазір, тіпті шетелге барудың қажеті жоқ. Бүгінде біздің график жасайтын азаматтарымыз өздерін шыңдап, ұштап алған. Кей кезде жұмыстарын қарап отырып мақтанып, тамсанатын кездер болады.

Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасының қонағы – әнші Дастан Оразбеков қазір Қазақстанда бейнебаян түсіру тиімді екенін тілге тиек етті.

«Біз 2002 жылы «Орда» тобының ең алғашқы «Кеш мені» әніне бейнебаянды Ташкент қаласында Баһадүр Юлдашев деген режиссерға апарып түсірткен болатынбыз. Өйткені, ол кезде сапасы жоғары, ал қаражаты аз болды. Бізде ол кезде техника аз, аренда қымбат. Ал, Өзбекстанда кезінде өзбек фильмдерінен қалып қалған апараттары болатын. 2002-2003 жылдары Баһадүр Юлдашевтің дүркіреп тұрған заманы болатын. Қазақстанның мен деген әртістерінің бәріне бейнебаян түсіріп, біздің арқамызда қалталы азамат болып қалды. Бірақ, бүгінде Өзбек фильмінің деңгейі бізден төмендеп кетті» - дейді әнші.