10 жастағы өнерпаздан тыңдармандары осыдан үш жыл бұрын қолтаңба сұраған екен. Қуанышты сәтті жас әнші әлі күнге дейін есінен шығармапты.

Өмірін өнермен байланыстырған талант иесі енді шетелдіктерге қолтаңба беруді қалайды.

Ерекше естеліктерін әнші Астана радиосында бөлісті. 

«Қолтаңба қоюды әбден жаттыққанмын. Әрдайым, әдемі шыққанын қалайтынмын. Ең алғаш рет қолтаңбамды 2015 жылы бердім. Ол әрине жігіт болатын. Сол сәтте бойымды ерекше сезім биледі. Осы қуанышыммен ата-анам, достарыммен бөлістім. Ендігі қолтаңбамды Бейонсе сұрағанын қалаймын»,- дейді Данэлия Төлешова.