Музыка не жүректі, не тәнді тербету қажет. Танымал әнші Дмитрий Монатик Астана радиосында берген сұхбатында осылай деді.

«Үнемі халық арасында танымал әндер болса, қосылып айтып жүретін едім. Теледидарда музыкадан көп нәрсе жоқ. Жаныңа жақын әндер болса, қосыла шырқай кетесің. Әнді ұнату бөлек, оны сахнада айтып шығу мүлдем бөлек. Табандық, батылдылық қажет көпшіліктің алдында өнер көрсетуге. Әнге қадам басу үшін түрлі конкурстарда бақ сынады. Соның бірі - «xFactor» додасы. Би мен әнді байланыстыру менің негізгі жоспарым болды. Оларды бөліп жару мүмкін емес»,-дейді танымал әнші.