Сандуғаш Стамғазиева жас әншілердің өнеріне көңілі толмайды.

Орындаушы кейінгі толқын өкілдеріне өкпесін Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.
«Расымен-ақ, телеарналарда жартылай жалаңаштанғандар көбейіп кетті. Сосын түсірген бейнебаяндары бір-біріне ұқсайды. Әсіресе, топ құрамындағыларды ажырата алмай қаласың. Қарасаң, қынжыласың,  ұяласың. Бірақ, кімге барып, мынаны түзе деп айта бересің. Заманымызды өзгертіп жатқан өздеріміз ғой. Бірақ, болашақта бүгінгі қазақы үрдіске сай келер дүниелер болады деп ойлаймын»,- дейді әнші.