Елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2018 жылғы 13 шілде күні сағат 19.19.-да «Қазақстан» Орталық концерт залында Нұрболат Абдуллиннің «Вальс» концерті өткізіледі. Қазақстан, Түркия, Монғолия, Қытай елдерінің көрермендерін талантымен тамсандырған танымал әншінің концерті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтпек.

Концертте қазақ эстрадасының жарық жұлдызы «Вальс», «Сен қорқақсың», «Түнгі лирика», «Біліп жүр» т.б. сынды жеке репертуарындағы белгілі әндерді шырқап, астаналықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Барлық сұрақтар бойынша 87172-705-256 номеріне хабарласуға болады.