Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жазира Қошанова: «Уақытымның тығыздығына байланысты киноға түсуден бас тарттым»

«Біздің жұмыс жоспарымыз алдын – ала түзіліп, жүйеге қойылған болатын. Ол кісілер тым кеш хабарласты. Оның үстіне түсірілім Алматыда емес, Ақтауда болатын болды. Уақыттың сәйкессіздігіне байланысты ұсыныстан бас тарттым», - дейді Жазира Қошанова.
Әнші «Қоңыр» тобының құрамында 10 жылға жуық өнер көрсетті. Бірақ, ол жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты топтан кетуге бел шешкен. Бұл туралы Жазира Қошанова Қазақ радиосындағы «БІЗДІҢ МЕЙМАН»   хабарында мәлімдеді.
«Малайзия елінде оқитын құрбым бар. Бұл азамат сол құрбымның досы. Құрбым таныстырған болатын. Мен Малайзияға барғанда ол бөлек пәтерде тұрды. Мен бөлек тұрдым. Тұрмысқа шыққан жоқпын. Тек араласып көруге, жақын тануға барған болатынмын. Бүгін таныса салып, тұрмысқа шыға салмайды. Сондықтан, отбасы құрғанша, бір – бірімізді тануға уақыт бөлдік. Біраз уақыт жүрдік. Кейін түсіндік бір-бірімізге сай келмейтінімізді. Өйткені, ол кісінің түсінігі басқа, менікі басқа болып шықты. Сонымен, соңында қарым-қатынасымызды үзуге тура келді. Ол кісі мұсылман. Қазақ емес, қырғыз. Айта кетейін, менің анамның ұлты да қырғыз. Оның жұмысы сонда болғандықтан, Қазақстанға келе алмайтын болды. Ал, менің елге келуіме - бұл қарым-қатынасқа ешбір қатысы жоқ», - дейді «Қоңыр» тобының экс мүшесі.
Әнші Малайзия елінде модельдік бизнеске бет бұрған. Біраз агенстваларға суреттерін жіберіп, ұсыныстарды қабыл алған.

Айта кетейік, Жазира Қошанова өнер жолын «Қуаныш» ансамблінен бастаған. Анасы – тамада, әкесі – музыкант, ағасы – оператор, өзі – әншілік қызметті атқарып, отбасылық топ құрамында өнер көрсеткен.

Бүгінде өнерлі ару гитара, фортепиано, қобыз, домбыра аспаптарын жетік білмесе де, аздап ойнай алады.