Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жанар Айжанова: «Келінімді қызымдай көремін дегенді ұнатпаймын»

"Келінімді қызымдай көремін" деген көлгірсуді жақсы көрмеймін. Келін ешқашан қызыңдай болмайды. Осылай айтқан соң, не енесі ененің рөлін атқара алмайды, не келіні өз міндетін түсінбейді. Ақыры шатасу басталады.

Қазақ радиосындағы "Біздің мейман" хабарына қонаққа келген әнші Жанар Айжанова осындай көзқарасымен бөліскен болатын.
"Бұрын қалай еді?! Өз үйімді айтар болсам, шешем 13 бала тапқан ана ғой. Кейде әкемізбен арада ыдыс-аяқ сылдырлап, кішкене дау туатын кездер де болады. Сондай кезде, пештің түбінде отырған шүйкедей ғана кемпір, яғни менің әжем: "Әй, қойыңдар, "Күдік иманды қашырады", аузыңа келгенді айта берме! Бар, кет, тамағыңды істе", - деп ұрысқан бойда,әке-шешем жым болады. Екеуінен қыңқ деген дыбыс шықпайды.
Былай қарасаң, екеуін де ұрып тәрбиелемеді. Енеге деген сыйластық қой. Әйтпесе, шүйкедей кемпір не істей алады дейсің?! Бірақ енелік мысы басқаны шындық.
Біз осыны жоғалтып алған секілдіміз" - дейді әнші.