Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Біржан Ахмер: «Халық поэзияны іздейді»

Поэзия оқырмансыз қалып қоймады ма? Дәл осы сауал Қазақ радиосындағы «Қауырсын ғалам» бағдарламасында жас ақын Біржан Ахмерге қойылды.

Сұхбат барысында хабар қонағы халық поэзиядан алыс кеткен жоқтығын және үнемі іздеп тұратындығын атап өтті.
«Халық тойшыл болып кетті. Даңғырлаған дүниелерге әуестеніп кетті. Көпшілік одан да жалыға бастады. Бос сөздер де жамағатқа ылғи жаға бермейді. Енді халық поэзияны іздейді деп ойлаймын. Рухани жаңғыру аясында оқырманмен ақын арасында көпір болуы керек. Ол көпір интернет, кітап, жылы кездесу арқылы болсын дамитынынан сенемін»,- дейді жас ақын Біржан Ахмер.