Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әли Оқапов: «Мектеп бітірерде қазақшам нашар болды»

Мен балабақшада тек қана қазақ тілінде сөйлейтінмін. Тіпті, орыс тілін білмегенмін де. Орыс тілін мектепте меңгердім. Өкінішке орай, мектеп бітірерде қазақшам тіптен нашар болып кетті. Жасыратын ештеңесі де жоқ, оны мойындау керек.

Әнші Әли Оқапов өзінің қазақша сөйлей алмағаны туралы Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
«Мектеп бітіріп, саханаға әнші болам деген шешімді қабылдағаннан кейін, ана тілімді түзеймін деген мақсат қойдым. Қазақы ортамен араласып, түсінбеген жерлерімді сұрап, жаңа сөздерді жаттап жүрдім. Менің ойымша қиын әрі тез жол - ол әрине кітап оқу. Қазақ тілі қатты ауыр тіл емес. Мысалы, біз қалай жазамыз солай айта береміз дегендейін. Қазақ тілінің ауыр жері сөзді немесе сөйлемді немес әріптерді дұрыс айту. Ол үшін шұғылданып, дайын болу керек деп ойлаймын. Бірақ кітаптың арқасында біртіндеп тез үйреніп алуға болады» - дейді әнші.